БҰҰДБ Қазақстан өңірлерінде креативті индустрияның дамуына бағытталғын бірқатар сараптамалық сессиялар өткізуде

2023 ж. 13 November
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстандағы креативті индустрияның дамуына бағытталғын бірқатар сараптамалық сессиялар өткізуде. Алғашқы кездесу Қызылорда қаласындағы «Zhastar Ortalygy» кешенінде өтті. Cараптамалық кездесуге 50-ден астам креативті индустрияның өкілдері қатысты. Олардың ішіне кәсіпкерлер, креативті секторды қолдау мен дамытумен айналысатын мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар, және талантты жастар кірді.

Кездесулердің мақсаты – аймақтық креативті экожүйелерге талдау жүргізу, олардың дамуына әсер ететін факторларды анықтау, өңірлердегі креативті  индустрияны одан әрі дамытуға қажет шаралар туралы ақпарат жинау және жаңа ұсыныстар әзірлеу бойынша нұсқау қалыптастыру.

Мәдени және креативті салалар әлемдік экономикаға маңызды үлесін қосады. Олар әлемдік ЖІӨ-нің 3,1%-ын құрайды және де халықтың 6,2%-ын жұмыс орынымен қамтамасыз етеді. 2020 жылы, бұл секторда Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2,67 пайызды құрады. Бүгінгі таңда, креативті салада, 95 мың адам жұмыспен қамтылған, ал негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 33,3 млрд теңгені құрайды. Бұл саланы дамыту, оның ішінде креативті орталықтарды ашу және креативті кәсіпкерлерді қолдау, Қазақстанның экономикалық дамуына ғана емес, қазақстандықтардың интеллектуалдық және креативті әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда креативті индустрияны дамыту - мәдени мұраны байытып, креативті адамдардың арасында жаңа таланттарды аша отырып, инновация мен тұрақты экономиканың өсуінің маңызды драйвері болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы осы саланы дамытуға белсенді түрде ықпал етуде. Бұл тек экономикалық әл-ауқатқа ғана емес, креативті қазақстандықтардың әлеуетін кеңейтуге де әсер етеді», –
деп атап көрсетті Катаржина Вавьерниf, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі.

Сарапшылармен кездесулер БҰҰДБ зертханалық акселераторының білімге негізделген экономиканы дамытуға жәрдемдесу бастамасының бір бөлігі болып табылады. Бірінші аймақтық сарапшылық сессия Қызылорда облысының Қызылорда қаласында өтті ; келесі сессиялар Семей (21 қараша), Алматы (24 қараша) және Астана (5 желтоқсан) қалаларында жоспарланған. Сараптамалық кездесулер аясында, қатысушыларға цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы креативті индустрияны коммерцияландыру және диджитал медиада өзін позициялау мен брендинг бойынша эксперттік сессиялар жүргізіледі.