Қазақстан кәсібилікті арттыру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға күш салу арқылы жаңа мемлекеттік міндеттерді шешіп келеді

2019 ж. 1 March

 

 

2019 жылғы 7 ақпанда БҰҰДБ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жыл сайынғы кеңесіне қатысты, онда үкімет, азаматтық қоғам мен халықаралық әріптестер Агенттіктің 2018 жылғы жұмыс нәтижелері мен 2019 жылға арналған жоспарларын талқылады. Бұл жылы алғашқы рет кездесу кезінде жергілікті билік өкілдері, пікір көшбасшылары, БАҚ өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдар арасында ашық диалог өтті.

БҰҰДБ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын жетілдіруге бағытталған бастамаларын, сондай-ақ азаматтық қоғамның қатысуымен тиімді мемлекеттік институттарға назар аудара отырып, Тұрақты даму мақсаттарына жауап беретін жобаларды дәйекті түрде қолдап келеді.

БҰҰДБ Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Виталий Времиш атап өткендей: «Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы мен азаматтардың өсіп келе жатқан қажеттіліктері барлық үкіметтердің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Олардың қатарында: (1) ең дарынды қызметкерлерді мемлекеттік қызметке тарту және кетпеулеріне жағдай жасау; (2) персоналды басқару саласында сапалы басқару шешімдерін қабылдау үшін әдепкілік бойынша цифрлық тәсіл және қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер мен мол деректі пайдалану; (3) мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе өңірлердегілердің әлеуетін арттыру; және (4) мемлекеттік мекемелердің ішінде және арасында көлденең ынтымақтастықты нығайту (Біртұтас үкімет)».

БҰҰДБ мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірлескен іс-қимылдары министрліктер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мен қолдануды, мемлекеттік қызметшілер этикасын қоғамның қабылдауын бағалауды және «Б» корпусының 65 000 мемлекеттік қызметшісіне тексеру жүргізуге мүмкіндік берген жаңа үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеуді қамтиды. Еңбекақының неғұрлым әділ әрі ашық жүйесін қамтамасыз ету үшін еңбекке ақы төлеудің факторлық-баллдық шкаласы енгізілді. Өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын қадағалайтын азаматтық қоғам өкілдерінен құралған арнайы мониторингтік топтардың жұмысына қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттіктің 2018 жылы басталған серпінді жобалары туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол азаматтарға бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар туралы хабарлауға мүмкіндік беретін «Қоғамдық бақылау картасын», сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауға арналған Digital Agent мобильді қосымшасын және өңірлердегі сыбайлас жемқорлық проблемаларын анықтайтын және оларды шешу бойынша нақты шаралар ұсынатын арнайы мониторингтік топтардың жұмысын атап өтті.

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесіндегі алдағы өзгерістер туралы сөз қозғап, оларға заңсыз баю үшін жауапкершілікті енгізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауапқа тартылатын субъектілердің тізімін кеңейту, мемлекеттік қызметшілер үшін ақпараттық өзара әрекеттестік саласындағы біліктілік стандартын енгізу, агенттікті оңтайландыру мен бюджетті қысқартуды жалғастыру, сондай-ақ орталық аппараттың штатын 40%-ке дейін қысқарту сияқты шаралардың жататынын айтты. Агенттіктің әділ әрі әлеуметтік тұрғыдан дамыған қоғамды құруға бағытталған жұмысты жалғастыруға қажетті айнымастығы, тәжірибесі мен әріптестік қатынастары бар.