БҰҰ КӨНК үшін Қазақстан Республикасының Транспаренттілік мәселелері бойынша 1-ші екіжылдық баяндама, біріккен 9-шы ұлттық хабарлама және Транспаренттілік мәселелері бойынша 2-ші екіжылдық баяндама
Жоба 2024 ж. және 2026 ж. тиісінше БҰҰ КӨНК-ге ұсынылатын жеке есеп ретінде транспаренттілік мәселелері бойынша алғашқы екі жылдық баяндаманы (1BTR) және біріккен тоғызыншы ұлттық хабарламаны және бірлескен есеп ретінде транспаренттілік мәселелері бойынша екінші екі жылдық баяндаманы (9NC/2BTR) дайындау үшін қажетті іс-шараларды жүргізуде Қазақстан Республикасының Үкіметін қолдауға бағытталған. Бұл құжаттар БҰҰ КӨНК-ге және Париж келісімі бойынша есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттемелерге сәйкес, сондай-ақ Париж келісімінің 13-бабында, 18/CMA.1 шешімінде айтылған іс-қимылдардың транпаренттілігін және қолдауды (ETF) қамтамасыз ету үшін кеңейтілген шеңберлер бойынша шарттарға, рәсімдерге және басшылық етуші нұсқаулықтарға (MPGs) және 5/CMA шешіміне сәйкес MPGs енгізу бойынша ұсыныстарға сәйкес әзірленеді.
Жоба Қазақстанға парниктік газдарды түгендеу туралы деректерді жақсартуға, мақсатты зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ климаттың өзгеруін болдырмау үшін де, жағымсыз салдарға бейімделу үшін де техникалық мүмкіндіктерді арттыруға және мүдделі тараптарды нығайтуға көмектеседі. Ол сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайту, бейімделу және климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру бойынша 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің институционалдық шаралары мен ұзақ мерзімді мақсатын қолдайды. Сонымен қатар, жоба екі жылдық баяндамалар мен ұлттық хабарламаларды шолу кезінде алынған қолданыстағы техникалық және институционалдық қуаттар мен ұсыныстарға негізделген климаттық әрекеттерді ұлттық саясатқа, жоспарлар мен бағдарламаларға біріктіруге ықпал етеді.
Күтілетін нәтижелер (БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасынан / Елдік бағдарлама туралы құжаттан, Өңірлік бағдарлама туралы құжаттан, Жаһандық бағдарлама туралы құжаттан)
БҰҰДБ-ның Қазақстан үшін орнықты даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік бағдарламасы (2026-2030 жылдар):
2026 жылы күтілетін нәтижелер:
2030 жылға қарай Қазақстанның барлық тұрғындары, әсіресе халықтың неғұрлым осал топтары, жас және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық тұрақтылықты арттырудан, сондай-ақ климаттың өзгеруіне, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес жөніндегі адам құқықтарына негізделген инклюзивті шаралардан және табиғи ресурстарды орнықты басқарудан пайда көретін болады.
Жүйелік белгісіздік пен тәуекелдерге жауап беру үшін әзірленген тұрақтылық.
БҰҰ КӨНК-ке транспаренттілік мәселелері бойынша екінші екі жылдық бірлескен баяндама және Қазақстан Республикасының тоғызыншы ұлттық хабарламасы ұсынылды.
Атқарушы серіктес (ЖЭҚ Атқарушы агенттігі):
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жоба үйлестірушісі:
Гүлмира Серғазина
Email: gulmira.sergazina@undp.org
Жобаның ұзақтығы:
2024 жылғы қазан – 2028 жылғы қазан
Жоба бюджеті:
1.233.000 АҚШ долл.
Донор:
Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ)