Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 18 тамыз - Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ) бағдарламасымен бірлесіп онлайн-режимде мүгедек адамдарды кәсіптік оңалту мәселелері бойынша конференция өткізді. Конференция жұмысына 64 адам қатысты, оның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (Еңбекмині), Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту орталығының, инклюзия саласындағы ҮЕҰ өкілдері және басқа елдерден келген мүгедектігі бар адамдар.
Іс-шара мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту және олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылау үшін платформа болды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда түрлі мүгедектік түрлері бар 705.000 адам тұрады. Оның ішінде 430.000 еңбекке қабілетті жас санатына жатады. Алайда, олардың төрттен бір бөлігі ғана жұмысқа орналастырылған. Еңбекмининнің деректеріне сәйкес, 2018 жылы түрлі дәрежедегі мүгедектігі бар ЖОО-ның 1609 түлегі болған. Олардың барлығы жұмысқа орналасуда қиындық көрді.
Қазақстандағы БҰҰ еріктілері бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаевтың пікірінше, бұл инклюзия барлық тараптардың қатысуымен ғана мүмкін. «Мүгедектігі бар адамдарды кәсіби оңалту орталығында қызмет ететін БҰҰ еріктілері идеялар мен ниеттерді нақты жұмысқа орналастыру мен инклюзивті ортаға айналдыруда үлкен рөл атқарады», - деп атап өтті.
Конференцияға қатысушылар мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орнын ұйымдастыруды субсидиялау және ментальді бұзушылықтары бар адамдарды кәсіптік оңалту ерекшеліктерін талқылады. Бұдан басқа, Қазақстанның барлық өңірлерінде 2019 жылы елордада БҰҰДБ мен Еңбекминнің қолдауымен құрылған мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту орталығының тәжірибесін кеңейту ұсынылды. Бұл орталық құрылған сәттен бастап 50-ге жуық мүгедектігі бар адамды түрлі ұйымдарға жұмысқа орналастырғанын атап өткен жөн.
Конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар мүгедектігі бар адамдар үшін инклюзивті жұмыс кеңістігін құру және оларды социумға интеграциялау тәжірибелерімен бөлісті.
БҰҰ ұлттық еріктісі, мүгедектігі бар талантты жастарды қолдау жөніндегі БҰҰДБ жаһандық бастамасының маманы Мадина Карскапаева мүгедектігі бар адамдар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі – әлеуметтік бейімделудің ең жақсы тәсілі екеніне сенімді. «БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар деңгейіндегі осындай іс-шаралар мемлекеттік органдарды тарта отырып, мүгедектігі бар адамдардың жұмыс іздеуге деген ынтасын одан әрі арттыра алады», - деп есептейді ол.
Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаев нақты инклюзия барлық тараптардың қатысуымен ғана мүмкін деген пікір білдірді. «Мүгедектігі бар адамдарды кәсіби оңалту орталығында қызмет ететін БҰҰ еріктілері идеялар мен ниеттерді нақты жұмысқа орналастыру мен инклюзивті ортаға айналдыруда үлкен рөл атқарады. Оның үстіне, БҰҰ еріктілері басқа еріктілерді ынтымақтастыққа, қолдауға және жұмыс орнына үміткерлерге, бизнеске, мемлекетке және жалпы азаматтық қоғамға пайда әкелетін осындай оң мысалдарды қайталауға шабыттандырады», - деді ол.
Іс-шара мүгедектігі бар адамдарды кәсіби оңалту бойынша және әркімге өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін және «ешкімді артта қалдырмайтын» инклюзивті орта құру жөнінде тәжірибе алмасуға ықпал етті.