Қазақстан

Гендерлік теңдік

Gender equality

Қазақстанда гендерлік теңдікті іске асыру

Гендерлік теңдікті іске асыру БҰҰДБ-ның негізгі міндеттемесі болып табылады. Ұйым әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мен гендерлік теңдіктің әрбір әйел мен қыз толық гендерлік теңдікті пайдаланып, оларды кеңейту жолындағы барлық заңи, әлеуметтік және экономикалық кедергілер жойылған адам құқықтары мен адам тұлғасының қадір-қасиетін жаппай құрметтеу әлемін құруды көздейтін 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне қол жеткізу үшін аса маңызды екенін мойындайды.

БҰҰДБ-ның Стратегиялық жоспарымен сәйкестендірілген БҰҰДБ-ның 2022–2025 жылдарға арналған гендерлік теңдікті қамтамасыз ету стратегиясы осы міндеттемелерді орындауда маңызды рөл атқарып, гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын кеңейту саласындағы прогресті жеделдетуде елдер мен қауымдастықтарға қолдау көрсетуге бағытталған. Ол мемлекеттік мекемелерге кедейлік пен теңсіздік, басқару, тұрақтылық, қоршаған орта, энергия және гендерлік теңдік мәселелері бойынша алты шешім арқылы теріс гендерлік нормаларды әлсіретуге бағытталған жаңа буын саясатын жүргізуде қолдау көрсетуге бағытталған.

БҰҰДБ гендерлік теңдік қағидаттарын өз жұмысының барлық салаларына ендіреді. 2020 жылдың маусым айында Қазақстандағы БҰҰДБ өз бағдарламаларында, әріптестіктерінде, коммуникацияларында және азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғауда, басқару жүйелерінде, ішкі орта мен персоналдың мүмкіндіктерінде гендерлік проблематиканы ескерудің бірқатар жоғары стандарттарына сәйкес келгеннін білдіретін Гендерлік теңдік белгісінің КҮМІС сертификатына ие болды.

Қазақстанда БҰҰДБ елді оның гендерлік теңдік жөніндегі міндеттемелерін орындауда қолдауды жалғастырап отыр. Әйелдерге шешімдерді қабылдауға қатысуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттірек болуға, жеке меншік секторында басшылық лауазымдарды атқаруға және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы бірігуге көбірек мүмкіндіктер ашатын шараларды ынталандыруға баса назар аударылады.

Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі күн тәртібі

Қазақстан БҰҰ-ға қатысушы елдердегі прогресті өлшеу және нәтижелерді салыстыру үшін пайдаланылатын халықаралық көрсеткіштерге сәйкес гендерлік теңдікке қарай ілгерілеуде. 2021-2022 жылдардағы Адам дамуы туралы жыл сайынғы БҰҰ баяндамасында Гендерлік даму индексі бойынша Қазақстан ер адамдар мен әйелдер арасындағы Адам дамуы индексі (АДИ) бойынша жетістіктер теңдігі өте жоғары елдердің 1-ші тобына енгізілген.

Дүниежүзілік экономикалық форум әзірлеген Жаһандық гендерлік алшақтық индексі (ЖГАИ) келесі негізгі санаттарды бағалайтын гендерлік теңдікті елдер арасында салыстырудың тағы бір құралы болып табылады: экономикалық қызметке қатысу мен мүмкіндіктер, білім деңгейі, денсаулық пен аман қалу және саяси құқықтарды кеңейту. Қазақстан гендерлік даму саласындағы табысты реформалардың арқасында 15 орынға көтеріліп, 2022 жылы Жаһандық гендерлік алшақтық индексінің рейтингінде 146 елдің ішінде 65-ші орынға ие болды. Айтарлықтай жақсартулар білім беру саласында (2020 жылғы 63-орыннан 2022 жылғы 27-орынға дейін), денсаулық пен аман қалу бойынша 10 орын жоғары (2020 жылғы 74-орынмен салыстырғанда 2022 жылғы 44-орын), сондай-ақ экономикалық қызметке қатысу мен мүмкіндіктер саласында оң үрдістер орын алды (2020 жылғы 37-орынмен салыстырғанда 2022 жылғы 29-орын). Алайда, саяси құқықтарды кеңейту саласындағы көрініс 2017 жылдан бері өзгеріссіз қалып отыр (2017 жылы 93-орын болса, 2022 жылы 103-орын).

 

Қазақстан 1998 жылы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция, Пекин +25, Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция, Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенция, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібі сияқты және т.б. негізгі конвенцияларды ратификациялады. Сондай-ақ, елде құқықтарға, құқықтық қолдауға кепілдік беретін тиісті саяси және құқықтық негіздер, гендерлік теңдікті ұлттық мақсат ретінде ілгерілетуге және ынталандыруға бағытталған іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламалары әзірленді (мысалы, 2006–2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы).

Елдің гендерлік күн тәртібін ұлттық гендерлік стратегияны іске асыруды үйлестіру мен мониторингілеу саласында және гендерлік теңдікке байланысты мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдарға сараптамалық кеңес беру саласында жетекші рөл атқаратын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кеңесші орган – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия іске асырады.

Соңғы жылдардағы негізгі жетістіктер:

  • 2021 жылы Қазақстан гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды және экономикалық әділдік пен құқықты ілгерілетуді көздейтін екі жаһандық коалицияның ресми мүшесі болды.
  • Заң жүзінде әйелдер мен жастар үшін партиялық сайлау тізімдерінде, сондай-ақ депутаттық мандаттарды бөлу кезінде 30% мөлшеріндегі міндетті квота енгізілді.
  • Әйелдердің еңбегін шектейтін кәсіптер тізбесі заңнамалық деңгейде жойылды.
  • Өңірлерде 31 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.
  • Елдің барлық өңірлерінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары ашылды.
  • Балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік пен жаза күшейтілді.

Сондай-ақ, Қазақстандағы ТДМ-ның гендерлік бейінімен танысыңыз.