Қазақстандағы БҰҰДБ мен Назарбаев Университеті ғылыми ортада гендерлік теңдікті ілгерілету жолында күш біріктіреді
2023 ж. 11 April
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Назарбаев Университеті (НУ) гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған университеттер альянсын құруды көздейтін меморандумға қол қойды. Альянс оқытушылар құрамы, зерттеушілер мен студенттерді біріктіріп, озық тәжірибемен бөлісу, зерттеулер жүргізу мен гендерлік теңдікті ілгерілетуге арналған платформа болады.
Қазақстандағы ғылыми қоғамдастық мүшелерінің жартысынан астамын әйелдер құрайды. Алайда, докторантурадан оқудан шығып кететін әйелдердің жоғары үлесі мен топ-менеджерлер арасындағы әйелдер үлесінің төмендігі жүйенің дұрыс жұмыс істемейтіндігіне меңзейді. Жоғары білім беруді басқару мәселесіне гендерлік көзқарас және мұндай теңсіздіктің түпкі себептерін уақтылы анықтай отырып, жоғары оқу орындары бұған дейін тасада жүрген әйелдердіңпайдаланылмаған әлеуетінен пайда көре алады.
Мансаптық өсу үшін әлеуметтік дағдыларды жетілдіру және зерттеулерді ілгерілету жақында БҰҰДБ қолдауымен өткен қазақстандық ғалым әйелдеріне арналған дағдылар марафонының негізгі тақырыптары болды. 40-тан астам қатысушы ғалым әйелдер бір-бірімен танысып, қарым-қатынас жасай алатын, өздерінің ғылыми-зерттеу идеялары туралы кері байланыс ала алатын және мансап жолдары мен оларды қалайша ілгерілету керектігін талқылай алатын тұрақты платформаларды құру қажеттілігін атап өтті.
Қазақстандағы БҰҰДБ әйелдердің өз салаларында, соның ішінде энергетика, мұнай және газ, АКТ және т.с.с. ер адамдар басым болатын секторларда тиімді рөлдерді атқаруға мүмкіндіктердің болуы үшін олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін барлық деңгейлерде кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы саладағы білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық аса маңызды бола отырып, бүкіл елде кең таралған теңсіздік нысандарымен күресуге бағытталған күш-жігерді нығайтады.
«Жоғары оқу орындары – болашақ көшбасшылар, инноваторлар мен қоғамдық пікірге әсер етушілер білім алатын орын. Жоғары оқу орындарында гендерлік теңдікті ілгерілету арқылы біз бүкіл қоғамға жөн сілтейміз, бұл сайып келгенде экономикаға оң әсер етеді», –деді БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.
Альянстың негізгі мақсаты - түрлі стратегиялар мен саясатқа гендерлік теңдік қағидаттарын енгізу бойынша ұзақ мерзімді жол картасын бірлесіп әзірлеу мақсатында Қазақстанның мүдделі жоғары оқу орындарының ресурстары мен білім-тәжірибесін пайдалануға және біріктіруге ұмтылады.
«Назарбаев Университеті соңғы 13 жыл бойы білім беру реформасының алдыңғы шебінде келе жатыр. Тәсілдерімізге жаңа көзбен қарап, гендерлік теңсіздік мәселелерін жүйелі түрде шешуге батыл күш салатын уақыт келді деп санаймыз. Ең бастысы, гендерлік мәселелерді жан-жақты ескеру саласында жинақталған тәжірибемізбен бөлісіп, Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарымен бірге бұрын ойлап-күтпеген алшақтықтарды анықтауымыз керек», – деді НУ Президенті Шигео Катсу.деді НУ Президенті Шигео Катсу.
Назарбаев Университеті мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастық 2020 жылы гендерлік теңдік мәселелері мен алымсақтықтың алдын алу мәселелері бойынша алғашқы бірлескен кеңес өткізілген кезде басталды. Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде студенттер, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлері арасында тең мүмкіндіктер мен қауіпсіз жұмыс ортасын құру жөніндегі іс-қимыл жоспары талқыланды.
БҰҰДБ 2019 жылдан бастап «гендерлік сертификация» бағдарламасы шеңберінде гендерлік мәселелерді жан-жақты ескеру жөніндегі жұмысы арқылы дүние жүзі бойынша мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдарға қолдау көрсетіп келеді. Өз тарапынан БҰҰДБ гендерлік мәселелерді жобалар бойынша жұмыс, ақпарат алмасу, операциялық қызмет және т.б. сияқты БҰҰДБ жұмысының барлық аспектілеріне енгізген. Тәжірибе көрсеткендей, бір-бірімен қиылысатын гендерлік теңсіздік мәселелерін шешудің мұндай біртұтас тәсілі – нақты нәтижелерге қол жеткізудің ең тиімді жолы.
БҰҰДБ мен НУ арасындағы келісімге сәйкес, тараптар іс-қимыл жоспарын әзірлеп, ғылыми ортадағы гендерлік мәселелерді жан-жақты ескерудің ең тиімді тәсілдерімен барлық мүдделі жақтармен бөлісу үшін платформаны құруды бастайды.