Қазақстанда кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламалары басталады
2022 ж. 31 May
Жақын уақытта Қазақстанда энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың бірден үш бағдарламасы іске қосылады.
Қаржылық қолдаудың екі бағдарламасы мынадай салалардағы кредиттер бойынша негізгі борыштың бір бөлігін субсидиялауды қамтиды:
• Қазақстандағы БҰҰДБ және Ғаламдық Экологиялық Қор (ҒЭҚ) «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» жобасы шеңберінде энергия тиімділігі;
• «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін төмендету» БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы шеңберінде шағын жаңартылатын энергия көздері.
Үшіншісі - БҰҰДБ және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) «Қазақстанда энергия тиімділігіне инвесторларды тарту үшін жағдай жасау» жобасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру бағдарламасы.
Кәсіпкерлер өз жобалары туралы қысқаша ақпаратты fm@undp.org электрондық мекенжайы бойынша жіберіп, қосымша ақпарат және кеңестер ала алады.
Қаржылық қолдау бағдарламаларын іске қосу БҰҰДБ-ның Қазақстандағы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның, ИИДМ мен ҒЭҚ-тың қаржылық қолдауымен бірлескен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.
Сонымен қатар, сізді өз қалаңыздағы оқыту семинарларына қатысуға шақырамыз.
Семинарларға қатысу үшін қалаңыздағы «DAMU» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық кеңсесіне хабарласу қажет, тіркеу іс-шара өтетін күнге жақынырақ басталады.
2022 ж. ЖЭК және энергия тиімділігін арттыру жобаларына арналған семинар-тренингтер кестесі
№ |
Қала /аудан |
Күні * |
|
Түркістан облысы, Түркістан қаласы |
12 мамыр |
|
Петропавл / Солтүстік Қазақстан облысы |
26 мамыр |
|
Орал / Батыс Қазақстан облысы |
16 маусым |
|
Ақтөбе / Ақтөбе облысы |
28 маусым |
|
Қарағанды / Қарағанды |
7 шілде |
|
Павлодар/Павлодар облысы |
22 шілде |
|
Көкшетау / Ақмола облысы |
5 тамыз |
|
Тараз |
18 тамыз |
|
Талдықорған/Алматы облысы |
30 тамыз |
|
Өскемен/ШҚО |
9 қыркүйек |
|
Қостанай / Қостанай облысы |
23 қыркүйек |
|
Атырау – Ақтау/Маңғыстау, Атырау облысы |
12-14 қазан |
|
Қызылорда/Қызыл-Орда облысы |
28 қазан |
|
Шымкент |
10 қараша |
|
Алматы |
30 қараша |
*Күндер алдын ала берілген және өзгертілуі мүмкін.