Оқушылар арасындағы екінші «Климат күтпейді» климат жобалары байқауы

2025 ж. 4 April
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Құрметті оқушылар, ұстаздар және білім мекемелері!

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) «Климаттық қобдиша» жобасы аясында «Климат күтпейді» тақырыбында оқушылардың климат жобаларының екінші байқауы басталғанын хабарлайды.

Бұл байқау — өздеріңізді көрсетудің және әлемде нақты өзгерістерге түрткі болудың мүмкіндігі.

Біз климат төндірген сын-қатерлерді жеңуге көмектесетін ең креативті, инновациялық және ықпалды идеяларды іздейміз.

Байқау номинациялары:

  1. Көміртегі ізін азайту. Бұл номинацияда атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған практикалық тәсілдер мен қадамдарды көрсететін жобалар қабылданады.

  2. Климаттық өзгерістерге бейімделу. Бұл номинация зиянды азайту және ықтимал пайданы пайдалану үшін табиғи және адам жүйелерінің ағымдағы әрі күтілетін климаттық өзгерістерге практикалық тәсілдері мен бейімделуін көрсететін жобаларды қабылданады.

  3. Климаттың өзгеруі бойынша оқу-ағарту іс-шаралары. Бұл номинацияда климаттың өзгеруінің себептері, салдары және ықтимал шешімдері туралы хабардар етуге және хабардарлықты арттыруға бағытталған жобалар қабылданады.

Кім қатыса алады?

  • 14-16 жас аралығындағы балалар (8, 9 және 10 сынып оқушылары).

Қашан және қалай қатысуға болады?

  • Өтінімдерді тапсыру: 2025 жылғы 7сәуірде 30 мамырдан дейін сілтеме(link is external) арқылы.

  • Жобалар өтінімде көрсетілетін ашық және жүктеп алуға болатын сілтемелермен файл алмасу қызметінде орналастырылуы керек.

Толығырақ білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

  • Біз екі онлайн консультация өткіземіз, онда барлық сұрақтарыңызды қойып, байқауға қатысты түсініктеме ала аласыздар:

    • 1-ші консультация: 23 сәуір 2025 жыл, сағат 15:00 (Астана уақыты бойынша)

    • 2-ші консультация: 14 мамыр 2025 жыл, сағат 15:00 (Астана уақыты бойынша)

Zoom қолданбасында қосылу сілтемесі: https://undp.zoom.us/j/85098344123?pwd=YahCI2FTeXrOpbcaMHytRoRQjTPpS7.1(link is external)

Марапаттау:

Байқау нәтижелері маусым айының соңына дейін Қазақстандағы БҰҰДБ Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Конкурстың әрбір номинациясында бірінші орын алған конкурстың жеңімпаздары (бір оқушы және бір ғылыми жетекші) 2025 жылдың IV тоқсанында БҰҰДБ-ның «Климаттық қобдиша» өңірлік жобасы аясында өтетін «Климаттың өзгеруі» проблемасы бойынша III Халықаралық оқушылар фестиваліне қатысуға шақырылады.

Маңызды. Байқау шарттары туралы толығырақ ақпаратты Байқау туралы ережеден табуға болады.

Өздеріңізді көрсетудің және планетамыздың болашағына үлес қосудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Байқауда кездескенше!