Қазақстандағы жеке орман шаруашылығын дамыту: орнықты болашаққа жол
2024 ж. 20 May
2024 жылғы 17 мамырда Ақмола облысы Бурабай кентінде жеке орман өсіруді дамыту перспективаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен серіктестікте жүзеге асырылатын және Жаһандық экологиялық қормен қаржыландырылатын «Әртүрлі игіліктер үшін жаһандық маңызы бар экожүйелерді сақтау және орнықты басқару» жобасымен ұйымдастырылды.
Жеке орман шаруашылығын дамыту орманды алқаптарды ұлғайтудың перспективалы бағыты болып табылады. Еліміздің 5%-ын ғана орман алып жатқан Қазақстанда жеке орман шаруашылығын дамытудың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәні зор. Ол халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын арттырады, инвестиция тартады, нарықты орман материалдарымен, тауарлармен, өнімдермен қанықтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жеке орман шаруашылығы табиғи ормандарға ресурстық жүктемені азайтуда маңызды рөл атқарып, СО2 сіңуіне айтарлықтай үлес қосады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Комитеттің жетекші ведомстволық бағынысты орман ұйымдары, Табиғи ресурстар және өңірлік реттеу департаменттері, орман шаруашылығы саласындағы ҒЗИ, «Атамекен» Ұлттық палатасы, «ORMAN» Қазақстан жеке орман питомниктері қауымдастығы, «Жасыл Орман» Қазақстан Республикасының орман және орман шаруашылығы қауымдастығы, «Шығыс Қазақстан облысының орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы» сияқты жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және шаруа қожалықтары қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы жеке орман шаруашылығын дамытудағы қазіргі жағдаймен және кедергілермен танысып, жеке орман шаруашылығын қолдау саясаты мен алдағы шараларын талқылады.