3 наурыз, 2022 ж., Нұр-Сұлтан қаласы – Дүниежүзілік жабайы табиғат күнінде - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Іле-Балқаш экожүйелерін қалпына келтіру бойынша Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен (ҚР ЭГТРМ) бірлескен жобаның іске қосылуы туралы хабарлайды.
Бұл бастама, жабайы табиғатты қалпына келтіру мен қорғау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту бойынша БҰҰДБ мен Қазақстан үкіметі арасындағы көпжылдық ынтымақтыстық аясында жүзеге асырылады.
Жоба шеңберінде, Іле өзені атырауының жайылма ормандарын қалпына келтіру және «Іле-Балқаш» Мемлекеттік табиғи резерваттың аумағында тұран жолбарысының реинтродукциясы үшін тұрақты жемшөп қорын қалыптастыру жоспарлануда. Өңірдің бірегей табиғаты мен биоалуантүрлілігін сақтау маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға және жергілікті тұрғындардың бастамаларын қолдауға ерекше назар аударылады.
«Бірегей экожүйелерді, биоалуантүрліліктің, флора мен фаунаның негізгі түрлерін қалпына келтіру – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің, сонымен қатар, жабайы табиғатты қорғаудың алғышарты болып табылады. Бұл бастама өзінің көпеселі әсерін тигізеді, биоалуантүрлілікті сақтап қалып, ол экотуризмнің дамуы мен жергілікті халықтың табысқа жетуіне мүмкіндік туғызады", - деп айтып кетті Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі.
«Қазақстан биоалуантүрліліктің сақталуына көп көңіл бөледі, соның ішінде, түрлі мақсатты бағдарламалар шеңберінде. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту концепциясы, тиімді басқару мен тұрақты даму қағидаларына сәйкес, экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерін қосқанда, Қазақстан экономикасының негізгі салаларын реформалау басымдығын анықтайды», - деді Нұрлан Қылышбаев, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы.
БҰҰ Онжылдығының шеңберінде, тарихи мекендеу жерлерінің экологиялық жағдайын жақсарту жолымен, тұран жолбарысының реинтродукциясы үшін тұрақты негіз қалап, жағдай жасаудағы БҚҚДБ көмегі - экожүйелерді қалпына келтіру бойынша еліміздің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады (2021-2030 ж.ж.).
2022 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат күні “Экожүйені қалпына келтіру үшін - негізгі түрлерді қалпына келтіру” ұранымен аталып өтеді және де жабайы фауна мен флораның жойылып бара жатқан кейбір түрлерін қорғау жағдайына назар аудартып, оларды қорғап қалу бойынша шешімдерді әзірлеу мен іс жүзіне асыру бойынша пікірталастарға жол ашуға бағытталған.