Адамдар мен планета үшін «әдепкі» цифрлық технологиялар

2022 ж. 17 May

 

17 мамырда Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні (ДЭБАҚ) атап өтіледі. Үнемі дамып келе жатқан көптеген технологиялардың қазіргі дәуірінде бұл революция, технокультураның пайда болуы – ақпараттық қоғамнан виртуалды қоғамға көшуді білдіреді. Біз БҰҰДБ-да цифрлық дәуірде адамдар мен планетаға қызмет ету тәсілдерін өзгерте отырып, осы «революцияға» дайынбыз.

Биылғы жылы БҰҰДБ цифрландырудың 2022-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиясын ұсынды, оның шеңберінде БҰҰДБ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жұмысты жеделдету үшін үнемі өзгеріп отыратын цифрлық болмысты басып озуға ұмтылады.

Стратегияда адамдар мен планета үшін «цифрлық технологиялар түрлендірудің негізгі қозғаушы күші болып табылады» деген тұжырымдама баяндалады. Шын мәнінде, стратегия бізді БҰҰДБ бағдарламаларын әзірлеу процесінде де, оның ішкі бизнес процесстері шеңберінде де, деректер мен вариативтілік негізінде тиімді шешім қабылдауға ықпал ететін ұйымда цифрлық мәдениетті қалыптастыру мақсатында неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізу және тиімділікті арттыру үшін цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырады.

COVID-19 пандемиясының басталуымен БҰҰДБ кеңсесінде цифрлық технологияларға көшу процесі жылдам қарқынмен жеделдеді. Рекордтық қысқа мерзімде біз толықтай қашықтан жұмыс істеуді қамтамасыз ететін процестерге көшеміз. Біз цифрлық форматта жұмыс істеп қана қоймай, бюджет пен күш-жігерді үнемдеуге, сондай-ақ көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға мүмкіндік беретін бірлескен жұмысқа арналған жаңа құралдарды сәтті енгіздік.

Цифрландыру немесе технологияларды қолдана отырып түрлендіру жұмыс пен ойлаудың жаңа әдістерін анықтайды, осылайша біз тіпті елестете алмайтын мүмкіндіктерді ашты. Тұрақты дамудың негізгі факторларының бірі ретінде цифрландыру технологиялық прогреспен қалыптастырылатын инновацияларды пайдалану есебінен, сондай-ақ жергілікті цифрлық экожүйелерді құру және дамыту есебінен халықтың неғұрлым осал топтарын қамтуға көмектеседі.

Қазақстанда БҰҰДБ цифрлық технологияларды барлық портфельдерде және жұмыстың тақырыптық салаларында даму саласындағы қызметтің нәтижелілігін арттыру үшін пайдаланады. Жұмыс көлемі өте кең және трансформациялық: мүгедектігі бар адамдарға арналған Әлеуметтік қызметтердің цифрлық порталын құрудан және АТ-персоналдың біліктілігін арттырудан бастап мемлекеттік сектордағы цифрлық технологияларға көшуді жеделдетуге дейін, тірі табиғатты мониторингілеу үшін спутниктік телеметрияны енгізуден бастап Қазақстанның моноқалаларында цифрлық гендерлік алшақтықты қысқартуға дейін. Осы бастамалар арқасында біз елге инклюзивті және тұрақты цифрлық қоғам құруға көмектесеміз.

 

Фото: Алексей Мальченко, Алматы, Қазақстан

 

Адамдардың мүдделеріне бағдарланған мемлекеттік басқаруды цифрландыру

Заманауи нәзік, тынымсыз, сызықты емес және ақылға сыймайтын әлем үкіметтерден үздік нәтижелерге қол жеткізу, азаматтарға жедел және тиімді қызмет көрсету үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, икемді және өзгеруге бейім болуды талап етеді.

Біздің озық платформамыздың — Мемлекеттік қызметтің Астана хабының арқасында біз Орталық Азия мен Кавказдың жеті елі үкіметтерінің мемлекеттік басқаруда инновацияларды ынталандыру және мемлекеттік қызметтерді цифрлау бойынша әлеуетін нығайту, сол арқылы азаматтардың сенімін нығайту бойынша жұмыс жасаймыз.

Корея Республикасының Үкіметі қаржыландыратын осы бастама шеңберінде біз жақында елдердің цифрлық технологиялар саласындағы өзгерістерді жүзеге асырудағы қажеттіліктерін егжей-тегжейлі зерделеген алғашқы зерттеудің нәтижелерін ұсындық.

Қазақстанда біз сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация орталығы үшін сараптамалық қолдау және кәсіби даярлауды қамтамасыз еттік. Бұл мемлекеттік органдардың барлық жұмыс процестерін бақылайтын негізгі құрылым. 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі алғашқы бастамалардың бірі орталық және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілердің цифрлық және коммуникативтік дағдыларын арттыруға бағытталған кәсіби дайындық болды.

 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

Инклюзивті цифрлық платформаларды әзірлеу

Біз неғұрлым осал топтар — әйелдер мен қыздардың, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың, қарт адамдар мен шалғай аудандарда тұратын адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әдейі инклюзивті сипаттағы цифрлық технологияларды енгізуді ілгерілетуге көмектесеміз. Біз ешкімді артта қалдырмайтын әлеуметтік және мәдени өзгерістерге ықпал етеміз.

Ұлттық басымдықтарға сәйкес мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп Әлеуметтік қызметтер порталы әзірленді – 690 000 мүгедектігі бар адамдар арнайы әлеуметтік қызметтерге онлайн режимінде қол жеткізе алады. Портал пандемия кезінде үлкен сұранысқа ие болған виртуалды маркетплейс болып табылады, өйткені карантинге байланысты көптеген сервистер қолжетімсіз болды.

Пандемия сонымен қатар осы қиын уақытта адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін цифрлық құралдарды сынақтан өткізуге және енгізуге ықпал етті. Бұл азаптау мен қатыгездікке қарсы Ұлттық алдын алу тетігімен жемісті ынтымақтастықтың бір бөлігі болды. БҰҰДБ ҰАТ қатысушылары үшін мониторинг деректерін, атап айтқанда бас бостандығынан айыру орындарындағы және басқа да жабық мекемелердегі адамдардан алынған сұхбат нәтижелерін базаға онлайн режимінде енгізуге мүмкіндік беретін цифрлық платформа әзірледі.

 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

Флора мен фаунаның өркендеуі үшін цифрлық технологияларды қолдану

Біздің назарымыз қоршаған ортаға да бағытталған, біз планета туралы да айтамыз: біз қоршаған ортаны қорғау және мониторингілеу сапасын арттыру үшін цифрлық құралдар мен құрал-саймандарды қолданамыз.

Бүгінгі таңда Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ) қаржыландыратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында технологиялық шешімдер Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында табысты енгізілуде. Олардың сегізінде біз SMART патрульдеу жүйесін енгіздік. Бұл 1,5 миллион гектар аумақты алып жатқан табиғи аумақтардағы жабайы табиғат туралы деректерді жинауға, талдауға және алмасуға арналған кеңістіктік мониторинг пен есеп беру құралы. SMART жүйесі браконьерлікпен күресуге және қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Біздің сарапшыларымыздың күш-жігерінің және ҒЭҚ мен БҰҰДБ-ның қаржы ресурстарының арқасында жабайы табиғатты мониторингілеудің заманауи технологиялары, оның ішінде фототұзақтар, дрондар және спутниктік қарғылар экожүйелер мен жабайы табиғат жағдайы туралы сенімді деректер алуға көмектеседі. Біздің орман шаруашылығын басқарудағы серіктестігіміз қазіргі ормандарды сақтау және олардың ауданын ұлғайту есебінен көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға көмектесетін Bitfury блокчейн компаниясымен ынтымақтастықты қамтиды.

Өткен жылы біз спутниктік телеметрия көмегімен қар барысын таңбалау процесін іске қостық. Спутниктік жабдықтар, атап айтқанда қарғылар, қауіптерді анықтау және тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар жасау үшін жануарлардың көші-қон жолдарын зерттейтін мамандарға олардың қозғалысы туралы ақпарат жібереді. Қарғылар экологиялық зиянсыз, қауіпсіз және аулау басқа елдерде сәтті және бірнеше рет қолданылған адамгершілікті және қауіпсіз әдіспен жүзеге асырылады.

 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

Цифрлық гендерлік алшақтықты жою

Біз бұрынғысынша цифрлық гендерлік алшақтықты жоюға және гендерлік зорлық-зомбылық проблемаларын шешу және әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін цифрлық технологияларды пайдалануға бейілдіміз.

Біз жақында өткізген «Алға» оқыту курсы цифрлық технологиялардың қолжетімділігіне және Қазақстанның шалғай аудандарындағы әйелдер арасындағы көшбасшылыққа, олардың технологиялық секторда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсартуға жәрдемдесуге бағытталған. АКТ және STEM индустриясындағы әйелдер арасындағы еліктеу модельдері 21-ші ғасырға қажетті дағдылар туралы оқу курсында қатысушылардың хабардарлығын арттыру үшін ұсынылды.

«Луч света» өңірлік бастамасы шеңберінде өткізілген идеялар марафонының арқасында Орталық Азияның бес еліндегі жастар өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша 58 шешім ұсынды. Гендерлік теңдік үшін күрестегі маңызды сәт.

Қазақстандағы БҰҰДБ ешкімді артта қалдырмайтын неғұрлым ашық және қолжетімді қоғам құру мақсатында оның орталығында адамдар мен қоршаған орта орналасқан цифрлық трансформацияға жәрдемдеседі. Биылғы жылғы жаңа жоспарларымызды қарай жүріңіздер…

***

Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күнінің (ДЭБАҚ) мақсаты қоғамдар мен елдерге Интернетті және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану әкелуі мүмкін мүмкіндіктер туралы, сондай-ақ «цифрлық алшақтықты» еңсеру жолдары туралы хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал ету болып табылады.