Ауғанстан әйелдерінің үміт нышаны

ЕО қаржыландыратын Орталық Азиядағы ауған әйелдеріне арналған оқу бағдарламасы ауыл шаруашылығы, қаржы, тау-кен ісі, маркетинг, сәулет және компьютерлік технологияларға мүмкіндіктер ашады.

2022 ж. 28 October
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

2019 жыл Ауғанстандағы әйелдер үшін үміт жылы болды. Ауғанстанның үш түлегі Фатема, Бехешта және Мурсал қазір ЕО қаржыландыратын жоба аясында Қазақстан мен Өзбекстан университеттерінде агрономия саласын меңгеріп жатыр. Олар 2019 жылы Алматы мен Ташкентке келіп, оқуды бітіргеннен кейін өз Отанына, мүмкіндіктері өсіп келе жатқан елге оралуды жоспарлаған . Алайда, Ауғанстандағы қыздар мен әйелдер үшін экономикалық және білім беру мүмкіндіктерінің төмендеуі оларға  қандай болашақ күтіп тұрғаны белгісіз.

Фатема Кабул университетінің топырақтану және суландыру саласының  бакалавр дәрежесін алды . Қазіргі уақытта ол Өзбекстанның Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінде агробиология мамандығы бойынша магистратурада оқиды.

Фатема университеттік білім Ауғанстандағы әйелдерге қолжетімді болған кезін   еске алады:

«Мектепте менің жақсы көретін пәндерім биология және химия болды. Менің ағам Кабул университетінде ауыл шаруашылығын оқығанда, мен оның кітаптарын оқи бастадым. мен көптеген сұрақтар қойдым, сондықтан маған қиынға соқты Бір кезде ағам: «Егер саған қатты ұнаса, университетке барып, өзің оқы», - деді. Университетте ұрпақтан-ұрпаққа берілген және берілетін дәстүрлі егіншілік тәжірибесіне қаншалықты күмән келтіргенімізді түсіне бастадым».

Ауыл шаруашылығы - Ауғанстан экономикасының ең ірі секторы. Статистикаға сәйкес ауылшаруашылық қызметі Ауғанстандағы бес жұмысшының үшеуі үшін негізгі табыс көзі болып табылады. Дегенмен, бұл сала әлі де еңбекті көп қажет етеді және ауыл шаруашылығын жүргізудің дәстүрлі тәсілдері кеңінен қолданылады. Жұмысшылардың көпшілігінде оқу орнында алған білімі жоқ немесе оқу және/немесе жазу білмейді.

«Менің елімде материалдық базаның жетіспеушілігі басты мәселе болып табылады. Ауғанстанда климат жағымды, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қолайлы жағдайлар бар. Бірақ фермерлердің көпшілігіне өсімдік шаруашылығы, жер, топырақ және су ресурстарын басқару бойынша материалдық база мен білім жетіспейді. Адамдар жай ғана жұмыс істейді. Аға буын әркім фермер бола алады деп санайды. Бұл ғылыми деректердің барлығы білім, өте құнды нәрсе ретінде қарастырылмайды, Адамдар ойлайды, ең бастысы — үлкендердің кеңесіне құлақ асу, әкеңіз немесе атаңыз өсиетінде айтқандай жасау. Егер сенің әкең солай істесе, сен де солай істеуің керек».

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко
«Мен әкеме: «Оны істеме, мынаны істе. Бұны не үшін істеп жатырсың?», - деп айта бастадым» Ол білімі жоқ екенін айтты, ал менің білімім бар болғандықтан оны үйретуім керек. Маған оның көзқарасы ұнады. Егер сенің жерің болса және білімді болсаң, онда сенің қолыңда алтын бар».

Бехешта Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқиды. 2019 жылы ол Қазақстанда «Өсімдік шаруашылығы және жаңа технологиялар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне оқу үшін ЕО-БҰҰДБ стипендиясына өтінім берді.

«Менің мамандығым ауыл шаруашылығы саласындағы ғылымдарға қатысты. Біз өсімдіктердің өсуіне, көбеюіне, дамуына және әртүрлі климаттық немесе табиғи жағдайларға бейімделуіне көмектесетін әртүрлі тәсілдерді зерттеудеміз.  Менің зерттеу салам әлем халқын тамақтандыруға көмектесетін жаңа технологияларды әзірлеуге бағдарланған».

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

Азық-түлік тапшылығы мәселесі Ауғанстанда өзекті болып қалуда, өйткені оның халқының жартысынан көбі жалғасып жатқан қақтығыстарға, короновирустық инфекция (COVID-19) пандемиясының салдарына, күрделі экономикалық жағдайға және қатты құрғақшылыққа байланысты аштыққа тап болуда.

Ауыл шаруашылық секторындағы өнімділіктің артуы кедейліктің төмендеуіне апаратын жол болуы мүмкін және миллиондаған ауғандықтардың өміріне тікелей әсер етуі мүмкін. Бехештаның Ауғанстандағы кәсіби болашағы белгісіз болып көрінгенімен, ол бір күні оның білімі мен тәжірибесі өз еліне пайдалы болады деп үміттенеді:

«Мен ауыл шаруашылығы саласындағы маман болғым келеді. Оқуды бітіргеннен кейін мен өз еліме оралып, фермерлерге өзгеріс енгізуге көмектескім келеді: біздің ауыл шаруашылығымызға басқа елдерде қолданылатын технологиялар қажет. Мүмкін үкіметтік емес ұйымдардың, тіпті үкіметтің қолдауымен мен фермерлерге жаңа технологиялар мен машиналарды енгізуге, фермерлерге жаңа деңгейге шығуға көмектескім келеді».

Мурсал да стипендия алу үшін  өтінім  беріп, 2019 жылы Алматыға келді. Суландыру жүйесінің инженері болып табылатын Мурсалдың әкесі, оны шабыттандырып, мамандық таңдауына ықпал етті: «Ол келесі күні не жейтінін де білмейтін, өздерін бір күндік тамақпен қамтамасыз ету үшін еңбектенетін адамдармен жұмыс істейтінің көрдім. Сол кезде маған игі іс болып көрінді.»

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

Мурсалдың пікірінше, елдің шалғай және оқшауланған аудандарында ауыл шаруашылығында шешуші рөл атқаратын әйелдер өзгерістердің шынайы агенттері болып табылады: 

«Тіпті білімі жоқ әйел де өз ауласында өсімдіктерді өсіре алады, біз олармен өз білімімізбен бөлісе аламыз, оларды үйрете аламыз, отырғызудың, көбейтудің және тозаңдандырудың әртүрлі тәсілдерін түсіндіре аламыз. Ауғанстанда аудандарда, ауылдарда тұратын әйелдердің үйлерінің айналасында үлкен аулалары бар және олар бұл білімді өз көкөністерін өсіру үшін пайдалана алады. Бұл өндірістің салауатты, органикалық тәсілі. Осы білімді игерген әйел отбасына көмектесе алар еді. Сонда олар өнімдерін базарда да сата алар еді».

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

Алайда, Мурсал оқуын бітіргеннен кейін оны қандай болашақ күтіп тұрғанын білмейді.

«Мен әкемнің ісімен айналысқым келді. Біліміммен бөлісіп, фермерлерге көмектесу. Менің арманым болды. Бірақ енді менің арманым орындалатынына сенімді емеспін».

Фатема, Бехешта және Мурсал – үміт алауын ұстап тұрған және халықаралық қоғамдастықтың ауған қыздарының айтарлықтай әлеуетіне қосқан үлесін бейнелейтін үлкен амбициясы бар шағын отрядтың бөлшектері.

2027 жылға қарай Ауғанстаннан келген 155 әйел Еуропалық Одақ қаржыландыратын және БҰҰДБ жүзеге асыратын стипендиялық бағдарлама аясында Орталық Азия университеттерінде білім алады. Қазіргі уақытта жоба екі кезеңнен тұрады: 1-кезең 2019 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады, ал 2-кезең 2021 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады. Оқыту қаржы, ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі, маркетинг, сәулет және компьютерлік технологиялар мамандықтары бойынша жүргізіледі.

***

Бұл жарияланым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен дайындалды. Оның мазмұны БҰҰДБ-ның Қазақстандағы айрықша жауапкершілігі болып табылады және міндетті түрде Еуропалық Одақтың ұстанымы болып табылмайды.