Орталық Азиядағы апаттар қаупіне және климаттың өзгеруіне қалалардың орнықтылығын арттыру
Жоба Орталық Азиядағы қалалардың климаттық қауіптерге төзімділігін арттыруды мақсат етеді, бұл үшін аймақтық ынтымақтастық механизмдері мен ұлттық трансформациялық стратегиялар пайдаланылады. Жоба Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінде орнықты және төзімді болашақты қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл жоба Орталық Азия плюс Жапония Диалогы аясындағы аймақтық ынтымақтастық күш-жігерінің бір бөлігі ретінде жүзеге асырылады.
Жоба әлдеқашан құрылған үйлестіру алаңдары арқылы аймақтық ынтымақтастық аясын кеңейтуге, сондай-ақ Жапония сияқты елдердегі табысты тәжірибе негізінде қала құрылысын жоспарлауға инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге ден қояды. Климаттың өзгеруін, табиғи апаттар қаупін бағалаудың жаңа әдістерін біріктіру арқылы жоба климатқа қатысты болашақ мәселелерді тиімді шешу үшін қала құрылысын жоспарлауды өзгертуге бағытталады. Бұған қоса жоба өз іс-шараларының жоба циклінен тыс орнықтылығын қамтамасыз ету үшін білім мен әлеуетті арттыру бойынша жұмысты институттандырады.
Жоба үйлестірушісі:
Құралай Сейталина
Email: kuralay.seitalina@undp.org
Жобаның ұзақтығы:
2024 жылғы қазан – 2027 жылғы қыркүйек
Бюджеті:
4.9 миллион АҚШ доллары
Донор:
Жапония Үкіметі